Алматыда 8 саусағы бар сәбиге ота жасалды

Алматыда 8 саусағы бар сәбиге ота жасалды
25.06.2025 10:58
0
145
baq.kz

Алматы қаласындағы №2 балалар ауруханасында жоғарғы аяқ-қолдың реконструктивті хирургиясы бойынша халықаралық деңгейдегі шеберлік сабағы өтті. Шараны «Ерікті қайырымдылық қоғамы» мен Samruk-Kazyna Trust қоры ұйымдастырды.

Шеберлік сабағына еліміздің әр өңірінен хирургтар қатысты. Арнайы шақырылған Санкт-Петербург қаласының білікті хирургі Сергей Голяна қазақстандық мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында сегіз күрделі операция жасады.

Жүргізілген операциялардың бірі бір жасар сәбиге қатысты болды. Баланың қолында сирек кездесетін патология — сегіз саусақ (полифалангия) болған. Мамандар артық саусақтарды алып тастап, балаға қолын еркін пайдалану мүмкіндігін қайтарды.

«Бұл біз үшін күтпеген керемет болды. Осындай күрделі ем Алматыда көрсетілгені – үлкен бақыт», – дейді науқас баланың анасы.

Хирург Сергей Голяна 20 балаға консультация беріп, жергілікті дәрігерлерге арналған оқу дәрістерін өткізді. Барлық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тегін жүргізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралар еліміздегі балалар хирургиясының дамуына елеулі үлес қосып, науқастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий