Алматыда ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, қаза тапты
776
Алматы қаласының орталығында қайғылы оқиға болып, ауыр ағаш бұтағының астында қалған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ағаштың ауыр бұтағы үзіліп түсіп, сол маңнан өтіп бара жатқан қызды басып қалған. Салдарынан ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келіп, аумақ қоршауға алынды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...