Алматыда бес ауданда құрылыс салуға 20 жылға тыйым салынды
Алматыда 20 жылға құрылыс салуға тыйым салынған аумақтар бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімдігі арнайы қаулы қабылдап шаһардың 5 ауданындағы жер телімдерін мемлекеттік резервке алды. Енді бұл аумақтарда алдағы 20 жыл бойы қандай да бір нысан тұрғызуға қатаң шектеу қойылады.
Аталған шешім Бостандық, Медеу, Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарындағы иесіз жатқан жерлерге қатысты шығарылды. Қала билігінің бұл қадамы Бас жоспарға сәйкес болашақта жүзеге асырылатын қала құрылысы жобаларына стратегиялық дайындық ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік меншіктегі бұл телімдер жеке қолға өтіп кетпеуі үшін және кейіннен қала қажеттілігі туындағанда жерді қайта сатып алу мәселесі туындамауы үшін алдын ала мұздатылып отыр.
Резервтеу мерзімі аяқталғанға дейін аталған жерлерді сатуға немесе жекеменшікке беруге рұқсат етілмейді. Болашақта бұл аумақтар тек қаланың даму мақсаттарына яғни инженерлік желілер тарту, жол инфрақұрылымын жетілдіру және мектеп пен саябақ сынды әлеуметтік нысандар тұрғызу үшін ғана пайдаланылады. Жиырма жылдық мерзім өткен соң жер телімі не мақсатына сай игеріледі немесе резервтен шығарылады.
Жалпы аумағы 3,43 гектарды құрайтын 30 жер телімі арнайы тізімге енгізілді. Құрылыс жүргізуге тыйым салынған нақты мекенжайлар төмендегідей бөлінген:
- Бостандық ауданы, Попов к-сінен оңтүстікке қарай, Бальзак к-сінен батысқа қарай, нөмірсіз учаске
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/8 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/7 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/6 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/1 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/2 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/3 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/4 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/9 уч. (екі учаске)
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 67/1 уч.
- Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, Иван Щеголихин к-сі, 23в уч.
- Медеу ауданы, «Жетісу» БТ (бау-бақша серіктестігі), 88 уч.
- Медеу ауданы, Бөгенбай батыр к-сінен оңтүстікке қарай, Достық даңғылынан шығысқа қарай
- Әуезов ауданы, Мамыр ш/а, 99 уч.
- Әуезов ауданы, Мамыр ш/а, 100г уч.
- Медеу ауданы, Тәттімбет к-сі, 406Б
- Бостандық ауданы, «Картограф-2» БТ, Подгорная к-сі, 52
- Бостандық ауданы, Мирас ш/а, 93
- Алатау ауданы, Томирис ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Томирис ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Томирис ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Көкқайнар ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Қарасу ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Қарасу ш/а, нөмірсіз учаске
- Алатау ауданы, Қарасу ш/а, нөмірсіз учаске
- Медеу ауданы, Алатау ш/а, нөмірсіз учаске
Соңғы жаңалықтар