Алматыда ер адам өзін өртеп жіберді
1 қазанда Алматыда Түрксіб ауданындағы айып тұрағында ер адам көлігін өртеп, артынша өзін де өртеген.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:10-да арнайы патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru маркалы көлікті тоқтатқан.
Көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Мұндай жағдайда көлік арнайы айып тұрағына қойылуы керек екені атап өтілді.
Көрсетілген рәсімдерді тіркеу кезінде жүргізуші көлігінен бензин алып шығып, көлікті де, өзін де бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Олар өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
17:04
Таиландта Интерпол іздеу салған 24 жастағы қаза...
05.11.2026
16:38
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Қорғаныс министрл...
05.11.2026
15:08
Алматыда бес баланың анасы өзіне қол жұмсамақ б...
05.11.2026
14:23
Астанада БҚО-ның бұрынғы салық басшысы 10 жылға...
05.11.2026
13:56
Маңғыстаудағы әскерилердің өлімі: 8 лауазымды т...
05.11.2026
13:56
«Анненск» шахтасының тұрмыстық кешені жаңа кейі...