Алматыда кезекті педофил ұсталды

Алматыда Жаңа адамдар тағы бір педофилді әшкереледі. Белсенділер әлеуметтік желі арқылы педофилдерді іздеу бойынша тәжірбие жасаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Жаңа адамдар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
- Әдеттегідей, біз 12 жасар қыздың атынан анкета ашып, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктедік. Көп ұзамай өзін “Әділет” деп таныстырған кезекті ер адам 12 жасар баланың профиліне қызығушылық танытты. Ол кішкентай қызға порнографиялық мазмұндағы суреттер мен бейнежазбаларды жібере бастады. Кейін “Әділет” ашық түрде жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, қыздан өзін жалаңаш түрде бейнежазбаға түсіруін сұрады. Өз дегеніне жете алмаған соң, “ва-банкке” барып, қызды “кино көруге” шақырды. Чипсы мен кола сатып алып, ол біз көрсеткен мекенжайға – баланың үйіне келді,- делінген бейнежазбада.
Кішкентай баланың орнына оны Жаңа адамдардың “124» азаматтық науқаны белсенділері қарсы алған. Өзінің ұсталғанын түсінген ер адам қашуға әрекеттенді. Алайда, пәтердің шыға берісінде оны “қарабет дәлізі” күтіп тұрды. Белсенділер оның түрін бейнежазбаға түсіріп, мүмкіндігінше көп адам оның кім екенін білуі үшін кадрларды желіге жариялады.
- Жаңа адамдар Қазақстандағы әрбір бала қауіпсіздікте болмайынша тоқтамайды. Қылмыскерлердің басты артықшылығы – анонимділіктен айыру арқылы балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауға көмектесіңіздер. Жаңа адамдар белсенділері алған барлық материалдар, хабарламалар мен байланыстар құқық қорғау органдарына берілді. Полиция қызметкерлеріне бұл эксперименттің өткізілуі туралы алдын ала ескертілді,- делінген Жаңа адамдардың жариялған жазбасында.
Соңғы жаңалықтар





