Алматыда кіреберістен жаңа туылған нәресте табылды
Жаңа туған қыз баланы Алматыдағы үй кіреберісіне тастап кеткен
Алматыда үй кіреберісінен жаңа туылған қыз бала табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға Чернышевский көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Жергілікті тұрғындар сәбиді кіреберісте тауып, дереу полиция шақырған.
Дәрігерлер нәрестені жансақтау бөліміне жатқызды
Қыз бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне орналастырылды. Қазіргі уақытта ол өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратына қосылған, жағдайы ауыр.
Полиция тергеу жұмыстарын бастады
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары нәрестені тастап кеткен адамның кім екенін анықтауға кірісті.
"Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр", – деді полиция өкілдері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
14:06
"Жертва" болудан ұяламын": Дана Нұржігіт тағы б...
06.11.2026
13:16
Атырауда мектепте 13 жастағы қызға пышақпен шаб...
06.11.2026
13:08
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп тастады
06.11.2026
12:36
«Өзіне қол салды деп жауып тастаған»: Ақтөбеде ...
06.11.2026
12:35
«Дауысың жарамайды» деп далаға қуған: Атырауда ...
06.11.2026
12:24
"Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ": Балжан...