Алматыда мәйіттерге жыныстық қатынас жасаған күзетші сотталмайтын болды
765
Алматы қаласының прокуратурасы некрофилияға күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсінік берді.
Еске сала кетсек, Алматыда мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен күзетші биыл сәуір айының соңында ұсталған болатын. Бірнеше күннен кейін Әділет министрлігі жағдайға түсінік беріп, күдіктінің сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі күзетшінің 2022-2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.
Алматы қаласының прокуратурасы 24 сәуірде «Мәйіттерді қорлау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтатылып отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.
Фото: otvet.mail.ru
Соңғы жаңалықтар
04.07.2026
17:25
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші ...
04.07.2026
16:21
Respublica партиясында маңызды шешім: Айдарбек ...
04.07.2026
15:25
Екі тәулікте Қазақстаннан 3 тоннадан астам жана...
04.07.2026
14:09
«Өлтіремін деп қорқытқан»: Танымал қазақ боксшы...
04.07.2026
13:27
«Бірінші орынға шыққанда ғана…»: Бибісара Асауб...
04.07.2026
12:25
Қазақ журналистикасы қара жамылды: Белгілі қала...