Алматыда нөсер кезінде 13 көлікке зақым келген көшені тағы да су шайып кетті

23 қыркүйекте Алматыда нөсер жауын Аманжол көшесінің учаскесіне тағы да зақым келтірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жергілікті тұрғындар "жаңбырдан кейін жол арыққа айналады" деп шағымданды. Бір апта бұрын дәл осы жерде 13 көлікке зақым келді.
Жергілікті тұрғын су жоғарғы көшелерден төмен қарай ағып, жол шайылып кетуіне себеп болғанын айтты. Алматылықтың сөзінше, осы көшеде 13 көлікке зақым келгеннен кейін коммуналдық қызметтер тек жолдың үстін көміп қойған, салдарынан көше қайтадан шайылып кеткен.
"Сол оқиғадан кейін алты күн өтті, жаңбыр бәрін қайтадан шайып кетті. Олар арықтарды қосу үшін жер қазды, бірақ жұмыс аяқталмады. Құбырларды жол жиегіне тастап кетті. Енді бүкіл көше бір тұтас арыққа айналды", - деді ол.
Әуезов ауданы әкімдігі мәліметінше, инженерлік желілерді төсеу жұмыстарына байланысты мәселе туындаған. Салдарынан арық жүйесінде бөгет пайда болып, жаңбыр суы жиналып қалған.
Соңғы жаңалықтар





