Алматыда оқушы мектепке балтамен шабуыл жасамақ болды

24.04.2026 16:54 Арман Ермеков
Алматыда оқушы мектепке балтамен шабуыл жасамақ болды
276
Фото: depositphotos.com

Алматы қаласында 6-сынып оқушысы әлеуметтік желі арқылы бейтаныс адамдардан тапсырма алып, мектепке балтамен шабуыл жасамақ болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жоспарын уақытында біліп, ауыр қылмыстың алдын алған.

«Бұл факт бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмаған қыздың әлеуметтік желі арқылы келген нұсқаулардың әсерінен заңсыз әрекеттер жасауды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында қылмысқа жол берілмеді. Тергеу аясында осы оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді қылмысқа итермелеген адамдар да анықталып жатыр. Оқушының ата-анасына қатысты баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар полиция ата-аналардың балаларының ғаламтордағы әрекеттерін бақылауы өте маңызды екенін және кез келген күдікті жағдайға дереу назар аудару қажеттігін ескертті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий