Дариға Бадықова күйеуімен бірге Катардағы бал айынан суреттерін жариялады
Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жолдасымен бірге Катарға демалуға аттанып, Доха қаласынан түскен суреттерін желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Жұбайы Олжас Абай екеуі бал айын өткізіп жатқан сәттерін көрсеткен. Кадрларда актриса гүлді принтпен көмкерілген ашық түсті жазғы көйлек пен күннен қорғайтын көзілдірік тақса, жары жеңіл поло-жейде мен шолақ шалбар киіп, серуендеп жүр. Бақытты көрінген қос ғашық камераға қарап жымиып түскен.
«Мен өмірден көп нәрсе сұраймын. Доха қаласы», — деп жазды Дариға Бадықова жазбасына «өмір естеліктері» деген хэштег қосып.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың суреттеріне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді. Оқырмандар «Бақытты болыңыздар», «Құлпырып кетіпсіз, махаббат адамды қалай өзгертеді», «Ол тіпті жарқырап кеткен, бақыттарыңызға өте қуаныштымыз», «Араларыңызда періштедей сәби дүниеге келсін» деп жарыса тілек жазды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
15:08
Руслан Өскенәлі құрылыс жұмыстарын тексеріп, ун...
22.10.2026
14:26
Алматыдағы элиталық «Esentai City» кешенінде жа...
22.10.2026
14:18
Дариға Бадықова күйеуімен бірге Катардағы бал а...
22.10.2026
13:54
Тоқаев Назарбаев енгізген шенеуніктерді бағалау...
22.10.2026
13:15
Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тергеу...
22.10.2026
13:09
Ақтауда танымал блогер қамауға алынды (ВИДЕО)