Алматыда құрбыларына қонаққа барған 17 жастағы қыз терезеден құлап, көз жұмды
Алматыда 17 жастағы қыз құрбыларына қонаққа барып, үйіне оралмады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кейін оның көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза болғаны белгілі болды.
Қайғылы оқиға қаланың Наурызбай ауданында, Жунисова көшесінде орналасқан Alma City тұрғын үй кешенінде болған.
Қыздың анасының айтуынша, 17 жастағы қызы құрбыларына қонаққа барған. Оған телефон арқылы хабарласқан кезде, анасы қыздың достарымен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын білген. Осыдан кейін қызына ескерту жасаған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз жігітіне телефон шалып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті көп ұзамай тұрғын үй кешеніне келген. Алайда ол пәтерге көтеріліп үлгерместен, қыз терезеден құлап кеткен.
Тілшіміз полицияға хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрады. Полиция қыздың көз жұмғанын растады.
«Аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қаласы полициясы тілшімізге.
Қыздың өліміне суицид, жазатайым оқиға немесе өзге де себептердің қатысы бар-жоғын тергеу анықтайды.
Соңғы жаңалықтар