Алматыда жас блогер жігіті үшін өз-өзіне қол жұмсады
499
Айлуна Рахым есімді блогер өз өліміне жігітін айыптап, хат қалдырған, деп хабарлайды politico.kz.
Бұл туралы НеМолчи.kz қоры әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жариялады. 27 жастағы блогердің құрбылары қорға жүгінген. Айлунаның денесі 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де табылды. Ол SMM маманы болып жұмыс істеген. Өмірден өтер алдында жігітінен зәбір көргенін айтып жазба қалдырған. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, - дейді құрбылары. 17 сәуірдегі соңғы жазбасында Айлуна өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын тұспалдап, дененің көгерген жерлері мен күйіп қалған жерлері түсірілген видео мен фотоны көрсеткен. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...