Алматыда жасөспірім аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы жерге лақтырып жіберді

28.08.2025 09:55 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Алматыда жасөспірім аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы жерге лақтырып жіберді
0
710
коллаж Stan.kzx

Алматыда көшеден өтіп бара жатқан жасөспірім екі жасар баланы жерге бар күшімен лақтырып жіберген. Сәбидің қолы сынған. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Анасының жанында ойнап жүрген баланың қасына еш себепсіз келген жасөспірім оны көтеріп, жерге қатты лақтырып жіберген.

Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, баланың қолының сынғанын анықтады. Жасөспірімді полиция ұстаған жоқ, себебі оның кәмелет жасына толмағанын алға тартты.

"Ол түнде жылайды, ұйықтай алмайды. Бірден полицияға арыз жаздым, бірақ әлі ешкім хабарласқан жоқ. Аудандық полиция бөліміне барғанда "Ол кәмелетке толмаған, сіз ештеңе істей алмайсыз" деді. Жасөспірімнің ата-анасы ем-дом шығынын да, моральдық өтемақыны да төлеуден бас тартты", – деді зардап шеккен баланың анасы Зарина Сапар.

"Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажет тергеу амалдарынан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – деп мәлімдеді полиция.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий