Достық көшесін Ленин деген блогерге сот үкімі шықты

09.10.2026 • 09:03 Әсел МҰРАТ
Достық көшесін Ленин деген блогерге сот үкімі шықты
270
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде «Mini Knopka» атымен белгілі Айгерім Бердалиева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Алматы қаласының соты блогерді 60 550 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот материалдарына сәйкес, іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған.

«Сот қаулысымен азаматша Б. кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – деп мәлімдеді сот.

Блогердің даулы жазбасы

Еске салайық, бұған дейін Айгерім Бердалиева Eurasian Fashion Week аясында өзінің суреті бейнеленген билбордтың пайда болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған еді. Алайда жазбасында Алматыдағы Достық көшесін бұрынғы Ленин атауымен атауы желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Сынға жауап берген блогер эмоцияға беріліп, жағымсыз пікір жазғандарға қарсы пікір білдірді.

«Маған бәрібір – Ленин. Одан да асырып айтайын: маған бәрібір 2 – Фурманов! Ешқандай Достық, Назарбаев, Наурызбай батыр, Желтоқсан деген атауларды қолданбаймын. Нағыз алматылықтар Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов, Комсомольская деп айтады. Ал пікірлеріңде не жазсаңдар да өздерің біліңдер», – деп жазды ол.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, блогердің айналасындағы дауды одан әрі өршіте түсті. 
Оқиғаға қатысты Eurasian Fashion Week ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.

Ұйымдастырушылар қалыптасқан жағдай үшін кешірім сұрап, блогердің жеке парақшасында жазған пікірлеріне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ оның айтқан ұстанымын қолдамайтынын мәлімдеді.

Eurasian Fashion Week оны жарнамадан алып тастайтынын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий