Алматыда Желтоқсан қатысушыларының ЛГБТ-ға қарсы акциясы өтті
674
Қоғамда ЛГБТ өкілдеріне деген өшпенділік қалыптасқандай. Алматыда "Тәуелсіздік таңы" ескерткішінің жанында Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында "Желтоқсан 86" қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді.
Акцияның мақсаты – Ұлттық құндылықтардың тоз-тозын шығаратын ЛГБТ-ға қарсылық білдіру еді.
Акция барысында желтоқсанның бірнеше ондаған қатысушылары рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.
Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан: «біз мемлекеттен ЛГБТ-ның мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдыры үшін қауіпті санасыз және қауіпті іс-әрекеттеріне тыйым салу және жазалау үшін арнайы заң талап етеміз» деген талаптарды оқыды.
Желтоқсаншылар бұл талапты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-Министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады.
ЛГБТ-ға қарсы акцияның бейнежазбасы төмендегі сілтемеде: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=396021356343858&id=100037666303067&mibextid=w8EBqM
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...