Алматыда жер сілкінді

04.12.2025 13:07 Арман Ермеков
Алматыда жер сілкінді
0
112

Алматы қаласында 4 желтоқсан күні түскі уақытта жерасты дүмпулері сезілді. Табиғи құбылыс кезінде шаһарда дабыл ойнап, тұрғындардың ұялы телефондарына шұғыл ескерту хабарламалары келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сейсмикалық станциялар желісі зілзаланы Астана уақытымен сағат 12:45-те тіркеді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес мегаполистегі сезілу күші 3 балды құраған.

Жерсілкінісі ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы: 

Алматы қ.  - 3 б.

Алматы обл. Кеген ауд. - 3 б.
Алматы обл. Райымбек ауд. -  3 б.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. - 3 б.
Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. - 3 б.
Алматы обл. Ұйғыр ауд. - 3 б.
Алматы обл. Қарасай ауд. - 3 б.
Алматы обл. Іле ауд. -  2 б.
Алматы обл. Жамбыл ауд. - 2 б.
Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. - 2 б.
Алматы обл. Қонаев қ. - 2 б.
Алматы обл. Балқаш ауд. - 2 б.

Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б
Жетісу обл. Кербұлақ ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Панфилов ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Қордай ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Текелі қ. - 2 б.
Жетісу обл. Көксу ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ескелді ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Қаратал ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 2 б.
Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 2 б.

Жамбыл обл. Шу қ. - 2 б.
Жамбыл обл. Меркен ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. - 2 б.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне жүгінсек жер сілкінісінің негізгі ошағы Қытайдың Оңтүстік Шыңжаң аймағында орналасқан. Халықаралық сарапшылар эпицентрдегі магнитуданы 6,1 деп бағаласа, оның тереңдігі 7 шақырымды қамтығанын хабарлады.

Айта кетейік, жер сілкінісі болған сәтте қалада эвакуациялау сиренасының даусы естілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий