Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мәйітін жартастан лақтыра салған

Алматыда жігіт екінші кездесуде 19 жастағы қызды пышақтап өлтірді. Бұл туралы POLITICO.KZ Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жазда Тараздан шыққан 22 жастағы Қайрат Анаров Алматыға келгеннен кейін 19 жастағы Нархоз университетінің студенті Арунамен әлеуметтік желі арқылы танысады. Алғашқы кездесулерде екеуі көлікпен серуендеп жүріп жақынырақ араласқанымен, кейін қарым-қатынаста түсінбеушіліктер пайда болған. Қыздың біреумен жиі хат алмасуы мен “эскортпен” айналысатынын айтуы жігіттің ашуын туғызып, сөзге келіспеушілік қақтығысқа ұласқан. Қайрат Анаров өз сөзінде Арунаның оның ата-анасын балағаттап, әкесін қорлағанын айтып, өзін ұстай алмай пышақ сұққанын жеткізген. Сарапшылардың дерегінше, жігіт қызды кеуде тұсынан жаралап, ол оқиға орнында қаза тапқан. Кейін Қайрат марқұмның денесін көлігінің жүксалғышына салып, қала шетіндегі жартастан лақтырып жіберіп, пышақты қонақүй маңына тастаған.
Сонымен қатар, қыздың iPhone 11 телефонын тауып алып, ломбардқа өткізген. Қайрат осыдан кейін анасымен бірге Астанаға кетіп қалған. Аруна жоғалған соң, оның ата-анасы хабарласа алмай, полицияға арыз берген, ал мәйіті саяжай тұрғындары тапқаннан кейін ғана жеке басы анықталған. Тергеу барысында құқық қорғаушылар жалға алынған көлік арқылы қылмыскердің кім екенін тез анықтап, күдіктіні ұстаған. Сараптама нәтижесінде оның психикалық ауытқушылығы жоқ екені белгілі болды.
Сот процесінде Арунаның модельдік студияда эротикалық сипаттағы жұмыс істегені куәгер арқылы расталды. Ал сот Қайрат Анаровтың әрекетін “адам өлтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау” бабымен саралап, оны 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен бірге процессуалдық шығындарды өтеу және өтемақы қорына төлем жасау міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар





