Алматыдағы аттракционда кішкентай қыз сұмдық жағдайға тап болды

Алматыдағы аттракционда кішкентай қыз сұмдық жағдайға тап болды
29.07.2025 11:01
0
188
Фото: Pixabay.com

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде кішкентай қызы аттракциондардың бірінде ауыр жарақаттар алғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мадина Аскенова есімді Facebook қолданушысы желідегі парақшасында кәмелетке толмаған қызының басынан өткен жайтты баяндады. Әйелдің айтуынша, Алматыдағы аттракциондардың бірінде қызы ауыр жарақаттар алған. Салдарынан оған бірнеше ота жасалған, дейді ол.

Оның баяндауынша, оқиға 5 маусымда болған, бірақ баласының емі мен күтімі деп жүріп, ол енді ғана бұл жайтты сөз етіп отырған көрінеді.

"Алматы парктерінің бірінде "Вальс" аттракционында менің кәмелетке толмаған қызы бас-мидың жабық жарақатын алған. Салдарынан оған екі мәрте ота жасалып, ұзақ уақыт оңалтудан өтіп жатыр. Қатты ауырсынып, тыртықтардан қиналып жүр, психологиялық тұрғыда зардап шекті. Бұл парк әкімшілігінің кесірінен болып отыр. Дұрыс жұмыс істемейтін аттракционды пайдаланған. Менде барлық бейне дәлел бар, олар қауіпсіздік техникасы сақталмайтынын және қызметкерлердің салғырттығына дәлел бола алады", - деп мәлімдеді әйел.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий