Алматыдағы белгілі мейрамхана иесі шымкенттіктерді "тобыр" деп кемсітті

Алматыдағы белгілі мейрамхана иесі шымкенттіктерді
04.07.2025 10:12
0
160
Фото: freepik.com

Қазақстандық Алматыдағы Панфилов көшесінде орналасқан Bitanga мейрамханасына шағымын білдірді. Себебі дәмхана мегаполистен жақсы мейрамхана іздеп, жазба арнаған қызға шымкенттіктерді қорлайтын пікір қалдырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Threads әлеуметтік желісінде алматылық қыз отбасының 50 жылдығын тойлайтын мейрамхана іздеп жатқанын айтып, жазба арнаған. Оған Bitanga мейрамханасы шымкенттіктер туралы пікір білдірген. 

"Отбасыңда жетімнен бастап, шымкенттік 800 адамнан тұратын тобырға дейін бар ма? Анықтау керек. Өйткені ыңырсығандар мен ренжігендердің тұтас бір тобыры Алматыға келіп жатыр", – деп жазған олар. 

Дегенмен көпшіліктің көзіне түсіп үлгерген бұл сөйлем, желі қолданушылары арасында сынға ұшырады. Солтүстікке қазақтарды қоныстандыру мәселесін көтеріп жүрген "Тәуекел" ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов дәмхана жауапқа тартылуы керегін айтты. 

"Алматыдағы мейрамхана жазып отырған мына пікірі үшін жауапқа тартылуы керек. Еліміздің демографиясына, экономика және идеологиясына орасан үлес қосып жүрген осы шымкенттіктер екенін ұмытпауымыз керек. Дәмхананың иесі Ермек деген жігіт. Ал мейрамхана украиналық тағамдар жасайды", – деп жазды ол. 

Алайда бұл пікірді мейрамхана өкілі ренішке балап, шымкенттіктерді Италияның оңтүстігіндегі сығандарға теңеді.

"Неге тобыр деген сөзге ренжіп отырсыздар? Шымкенттіктер отбасы дәстүрімен өмір сүреді. Қазақстанда отбасылық өмір сүру салты аймақтарға қарай ерекшеленеді. Мысалы, бұл мейрамхананың иелері солтүстікқазақстандықтар. Нақтырақ айтсақ, қарағандылықтар. Біз жақта той жылына бір-екі рет болады. Мерейтойлар да шағын өтеді. Солтүстік пен оңтүстік қазақтарының өмір сүру салты Италияның солтүстік пен оңтүстік тұрғындарының айырмашылығына ұқсайды. Италияда солтүстіктегілер тұйықтау, немістерге ұқсайды. Ал оңтүстігін мекендейтіндер отбасымен бірге немесе кейде сығандар секілді тұтас тобырмен өмір сүреді", – деп жазған Bitenge мейрамханасы. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий