Алматыдағы қонақүйде танымал әнші 14 жастағы қызды зорлаған

13.05.2025 • 13:51 Admin
Алматыдағы қонақүйде танымал әнші 14 жастағы қызды зорлаған
1998
Фото: freepik.com

Алматы облысындағы қонақ үйлердің бірінде 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен әнші ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылында орналасқан қонақ үйде шамамен сағат 03:00-де рейд кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы мен оқушылар сарайында домбыра үйірмесінде сабақ беретін ұстаз ұсталды.

Алматы облысының білім бөлімінің хабарлауынша, қыздың анасы Іле ауданының полициясына жүгініп, кәмелетке толмаған қызын қонақ үйде Д. атты азамат зорлағанын хабарлаған. Тексеру барысында 1992 жылы туған Д. деген азаматтың №9 бөлмеде қылмыс жасағаны анықталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий