Алматыдағы жол апаты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
Алматы қаласында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрдің айтуынша, аталған оқиға ерекше бақылауға алынған. Ол қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады», – деді министр.
Сондай-ақ, оның тапсырмасымен Алматы қаласына ІІМ-нің бірнеше департаментінен арнайы қызметкерлер жіберілген. Қазіргі таңда жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министр басқа да ықтимал заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық істер қозғалғанын және бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылғанын жеткізді.
Тергеу амалдары жалғасуда, барлық жағдайға құқықтық баға берілетін болады.
Соңғы жаңалықтар