Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдері атынан үш тұрғынды алдап кетті

Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдері атынан үш тұрғынды алдап кетті
Ашық дереккөздерден

Ұлытау облысында банк қызметкері жергілікті тұрғындардың 200 мың теңгеге жуық қаражатын жымқырған. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, азаматтарды сақтандыру өтемақысын рәсімдеу сылтауымен ақша беруге сендірген, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ұлытау обылысының прокуратурасына сілтеп.

Қылмыстық схеманы банктердің ішкі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу барысында өңір прокуратурасы әшкереледі.

Тергеу мен сот қорытындысы:

  • Банк менеджерінің алаяқтық әрекеттерінен жалпы үш адам зардап шеккен.
  • Сот банк қызметкерін айыпты деп танып, тиісті үкім шығарды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу