Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
Фото: Aqorda

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына іс-сапармен барды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәскеу әуежайында Қазақстан Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылайды деп күтілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу