Алматыға ұшып келген Backstreet Boys тобының мүшелеріне қазақтың тақиясын кигізді
365
Атақты Backstreet Boys тобы 18 қыркүйекке қараған түні Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ұйымдастырушылар Backstreet Boys - тың ұшағы қона сала американдық әлемге әйгілі топ мүшелерінің басына тақия кигізіп, қолдарына «Қазақстан» шоколадын ұстатып, ыстық ықыласпен қарсы алды.
Әншілер ұзақ рейстан кейін шаршаңқы көрінгенімен, күлкілерін жасырған жоқ.
Бүгін топ мүшелері демалып, мүмкін болса, Алматыда серуендейді. Ал ертең, 19 қыркүйекте, Орталық стадионда көптен күткен концерт өтеді. Көрермендер үшін есік 15:00-де ашылады, шоу 20:00-де басталады.
Алматыдан кейін Backstreet Boys Астанаға жол тартады: 21 қыркүйекте олар Астана Аренада өнер көрсетіп, өз хиттерін қала тұрғындары мен қонақтарына сыйлайтын болады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...