Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне қатысты сот үкімі жойылды

13.03.2026 15:55 Арман Ермеков
Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне қатысты сот үкімі жойылды
255
Фото: Facebook.com/Алмасхан Ахмеджанов

Алматы қалалық соты шаһардың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен өзге де сотталғандарға қатысты бұған дейін шыққан үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Сот кабинетіндегі» ашық дереккөздерде жарияланған құжаттарға сүйенсек бұл қылмыстық іс қалалық сотқа былтыр қараша айында қайта түскен. Биыл 26 ақпанда қабылданған қаулыға сәйкес Алмасхан Ахметжанов пен Ардақ Самамбетовке және Ерлан Жармұханбетов пен Алмазхан Бәкіровке сондай-ақ Мұханбетәлі Шалқарбеков пен Берік Өскембаевқа 2025 жылдың ақпанында кесілген жазаның күші толықтай жойылды. Сонымен қатар судья қала әкімінің атына азаматтық талап арыздар түсіру қажеттігі туралы жеке қаулыны да бұзып істі бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша қайта қарауды тағайындады.

Төртінші наурызда Алматы қалалық соты тергеу барысында бірқатар заң бұзушылықтар кеткенін көрсететін тағы бір қаулы шығарды. Құжатта тергеу органы Ахмеджановтың қызметтік өкілеттігін қалай асыра пайдаланғанын нақты сипаттамағаны және кейбір айыптар баптардың талаптарына сай келмейтіні жазылғандықтан сот істі қалалық прокуратураға қайтарып мемлекеттік айыптаушыға жаңа айыптау актісін жасауды міндеттеді.

Сот отырысы барысында қорғаушылар тарапы қамауға алу шарасын өзгертуді және істі тоқтатуды сұрағанымен бұл өтініштер негізсіз әрі ерте берілген деп танылды. Сондықтан Ахметжанов пен Самамбетов және Жармұханбетов пен Бәкіров бұрынғыша қамауда қала береді ал Шалқарбеков пен Өскембаев кепілмен бостандықта жүреді. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы прокурор істі қолына алған сәттен бастап бір айға ұзартылды және бұл шешім жарияланған сәттен бастап күшіне еніп шағымдануға жатпайды.

Айта кетейік, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы 2023 жылдың шілдесінде жер учаскелерін беру және құрылыс нысандарын келісу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу мәліметтері бойынша ол 2020 жылы медициналық орталық пен халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын заңсыз мақұлдап жерді жеке тұлғаларға арзан бағамен беруге ықпал еткен және құрылыс компанияларының мүддесі үшін үш көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға заңсыз рұқсат беріп мемлекетке 487 миллион теңге шығын келтірген.

Осы іс аясында 2025 жылдың ақпан айында Алмасхан Ахмеджанов кінәлі деп танылып 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Самамбетовке 10 жыл Жармұхамбетовке 14 жыл Бәкіровке 8 жыл мерзім берілсе кәсіпкерлер Шалқарбеков пен Өскембаев 5 жылға шартты түрде сотталған еді. Оған қоса сотталғандар бірлесіп 6,4 миллиард теңге көлеміндегі қарызды өтеуге міндеттелген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий