"Әлсіздігім емес": Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы театр премьерасы алдында ерекше толқыныс сезініп жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің сөзінше, театрдың кинодан басты айырмашылығы – сахнада екінші мүмкіндік болмайды.
Актриса лық толы залдағы мыңдаған көрерменнің назары әртістерде болатынын айтып, мұндай сәтте қателесуге болмайтынын жеткізді. Соған қарамастан, күтпеген жағдайлардың орын алуы мүмкін екенін де жасырмады.
«Мұндай күндері ас батпай, ұйқы қашып, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бере алмай кетемін. Бұл – әлсіздігім емес, сахнаға деген құрмет пен көрермен алдындағы жауапкершілік», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ өнер иесі театр көрерменін қатты сағынғанын айтып, жақын арада қауышатынына қуанышты екенін жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды