Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы мен құрылыс мерзімдері бойынша бірқатар тапсырма берді
Қазақстандағы ірі көлік-логистикалық құрылыс жобалары сапаны жоғалтпай, белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл міндетті Көлік министрлігінің жаңа басшысы Әсел Жанасованың алдына қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Үкімет басшысы жаңа министрді ведомство ұжымына таныстыру барысында саладағы басты басымдықтарды атап өтті:
Автомобиль жолдарын салу және жөндеу сапасын қатаң бақылауда ұстау;
Жол бойындағы сервис пен инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сай дамыту;
Автомобиль өткізу пунктерін қайта жаңарту жұмыстарын 2027 жылы толық аяқтау.
— Келесі жылы көлік саласының барлық бағыттары бойынша ірі жобаларды пайдалануға беру жоспарланған. Олардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет, — деп баса айтты Олжас Бектенов.
Премьер-министр алдағы жылдың «Ауқымды құрылыс жылы» болып жарияланғанын еске салып, Қазақстанның Еуразиядағы көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуды тапсырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды
03.11.2026
18:05
Ақтөбеде студентті төртінші қабаттың терезесіне...