Алты жыл бойы ұшақпен тегін ұшқан ер адамның құпиясы ашылды

Алты жыл бойы ұшақпен тегін ұшқан ер адамның құпиясы ашылды
14.06.2025 16:22
0
496
pixabay.com

АҚШ-тың Оңтүстік Флорида штатынан шыққан 35 жастағы Тирон Александр 2018 жылдан 2024 жылға дейін әуе компанияларын алдап, жүзден астам рейске тегін мінгені үшін 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін7

Бұл туралы BFMTV басылымы жазды.

Александр өзін бортсерік, кейде тіпті пилот ретінде таныстырып, жеті америкалық әуе компаниясының ішкі жүйелерін алдаған. Ол қызметкерлерге арналған брондау платформаларының осал тұстарын пайдаланып, 30-дан астам жалған қызметтік бейдж нөмірлерін енгізіп отырған.

Нәтижесінде ол алты жыл ішінде 120-дан аса рейске тегін отырған.

Федералды сот Александраны электронды алаяқтық пен әуежайдың қорғалған аймағына жалған мәлімет арқылы заңсыз кіру баптары бойынша кінәлі деп тапты. Тергеу деректеріне сәйкес, ол бірнеше жыл бойы әуе компанияларының қауіпсіздік жүйесін алдап келген.

Оның қалай әшкереленгені жария етілген жоқ, алайда бұл оқиға әуе тасымалдау қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар туындатты. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий