«Алтынай» — тағдыр өзгерткен ән: Лұқпан Жолдасов шығармашылық жолындағы шешуші сәтті еске алды

19.12.2025 10:24 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Алтынай» — тағдыр өзгерткен ән: Лұқпан Жолдасов шығармашылық жолындағы шешуші сәтті еске алды
0
51
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Лұқпан Жолдасов

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Лұқпан Жолдасов Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Бәрекелді» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағы ең маңызды кезеңдердің бірі жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесінің айтуынша, оның есімін елге кеңінен танытқан туынды әйгілі «Алтынай» әні. Бұл ән алғашында ауыл ішінде айтылып, көпшіліктің жүрегіне жол тапқан. Кейін батыс өңірлерінде кеңінен таралып, тыңдарман тарапынан үлкен сұранысқа ие болған.

«Алғаш рет осы ән арқылы ауылдастарым мені таныды. Кейін “Алтынай” батыс жақта жиі шырқала бастады. 1997 жылы Лұқпан Есеновтің шақыртуымен “Тамаша” бағдарламасында орындадым. Сол сәттен бастап бұл ән бүкіл Қазақстанға тарады», — дейді Лұқпан Жолдасов.

Бағдарлама барысында әнші сол кезеңдегі сезімімен, сахнаға деген алғашқы сенімімен де бөлісті. Оның айтуынша, дәл осы ән шығармашылық жолына серпін беріп, үлкен сахнаға жол ашқан.

Желі қолданушылары мен көрермендер де әншінің естелігін жылы қабылдады.
 

«Ағамыздың керемет әні», «90 жылдардың соңындағы нағыз хит», «Бұл әнді Лұқпанның орындауында ерекше жақсы көреміз», «Алтынай — жүрекке жететін әуен» — деген пікірлер көптеп жазылды.

«Алтынай» бүгінде де тыңдарман жадында сақталып, Лұқпан Жолдасовтың шығармашылық визит картасына айналған туынды болып қала бермек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий