Алтынай Жорабаева жүктілігін жариялаған сәттің видеосын көрсетті

Алтынай Жорабаева жүктілігін жариялаған сәттің видеосын көрсетті
22.10.2025 18:49
0
430

Тақырып:

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында бұрын еш жерде жарияланбаған әсерлі отбасылық видеомен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Beksports.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада өнер иесі көптен күткен жүктілігі туралы сүйінші жаңалығын жолдасына және жақын туыстарына қалай жеткізгені көрсетілген.

Видео кадрларында әншінің жары мен қыздары қуаныштан көздеріне жас алған сәт бейнеленген. Сондай-ақ Алтынай бұл қуанышты хабарды туған інісі Талғат Жорабаевқа, оның жарына және ата-анасына жеткізгенде, ата-анасы да толқып, қызына ақ батасын берген.

«Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтау мен мадақ Аллаға тән. Аллама сансыз шүкір! Осыдан екі жыл бұрын көптен күткен жаңалығымызды жақындарымызбен бөліскен едік. Алланың қалауымен бүгін Амина Алишерқызы 1 жасқа толды. Амина – көптеген жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан. Сәби күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын!», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева 2022 жылы екінші рет тұрмыс құрған. Осы некеден туған қызы Амина бүгінде 1 жасқа толып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий