Пойыз аяғын жұлып әкеткен: Павлодар вокзалында қайғылы жағдай болды
277
Павлодар қаласының теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан бір азамат көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 30 қыркүйек күні вокзал аумағында жүрген адамды пойыз басып, бір аяғын кесіп түскені туралы ақпарат тараған болатын. Ауыр жарақат алған науқас дәрігерлердің бақылауында болғанымен, 8 қазанда ауруханада көз жұмды.
Аталған қайғылы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Қазіргі таңда Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – делінген ведомство мәліметінде.
Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
14:18
Байқоңырда бес баласына қатыгездік көрсеткен ан...
09.10.2026
13:48
Санжар Боқаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қ...
09.10.2026
13:33
Пойыз аяғын жұлып әкеткен: Павлодар вокзалында ...
09.10.2026
13:15
Қазақстанда мәслихат депутаттарының саны өзгере...
09.10.2026
12:58
Өскеменде өртенген үйден 30 жастағы ер адамның ...
09.10.2026
12:39
«Қарызға сұрап алдым». Мақпал Жүнісова сахнада ...