Өскеменде өртенген үйден 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды

09.10.2026 • 12:58 Әсел МҰРАТ
Өскеменде өртенген үйден 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды
297
Фото: ШҚО ТЖД

Өскемен қаласында тұрғын үйде болған өрт салдарынан 30 жастағы азамат көз жұмды. Қайғылы оқиға Рылеев көшесінде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары жеткен сәтте үйді ашық жалын шарпыған болатын. Құтқарушылар 70 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын толық сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйдің ішінен 1996 жылы туған азаматтың мәйітін тапты.

ШҚО ТЖД өңір тұрғындары мен қала қонақтарына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий