Алтынбек Қоразбаевқа қызықпадым, ол маған қызықты - Сандуғаш Стамғазиева
Қазақстандық танымал әнші, ұзақ үзілістен соң сахнаға қайта оралған Сандуғаш Стамғазиева «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қонақта болғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі бағдарлама барысында халық жадында жатталып қалған әндерді орындайтынын айтып видео жариялады. Оқырман қауымның басым көпшілігі әншінің сахнаға оралғанына қуанса, пікір қалдырғандар арасында оның екі баласының әкесі, композитор Алтынбек Қоразбаевпен байланысын еске алғандар да табылған.
Оқырманның бірі: «Сандуғаш, кереметсіз, бірақ Қоразбаевтың қай жеріне қызықтыңыз? Небір тамаша жігіттер сізді бағалар еді ғой, деп жазған.
Ал өнер иесі оған былай деп жауап берген:
Мен қызыққан жоқпын, ол маған қызықты.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің өзі Қоразбаевпен қарым-қатынасы жайлы ашық айтқан еді.
Әнші Алтынбек Қоразбаевпен қарым-қатынасы жайлы да айтты. Өмірінің бұлай өзгеретінін күтпегенін алға тартты.
Ол кісіден екі бала дүниеге келеді деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған екен. Бастапқыда ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда қайда барамыз. Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады, мен көбіне «әкеңнен сұра, сол не айтса сол болады» деймін, деген ол.