Әмина апа асырап алған қыздарына қатысты шындықты айтты

Әмина апа асырап алған қыздарына қатысты шындықты айтты
28.05.2025 15:03
0
748
ашық дереккөзден

"Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева балаларға діни талаптарды міндеттемейтінін айтты.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндады. Әмина апа сұхбат барысында журналистің “Кішкентай қыздарға күштеп хиджаб кигізесіз бе?” деген сұрағына жауап беріп, балаларға ерік берілетінін айтты. Оның айтуынша, ешкімге орамал тағуды міндеттемейді, қыздардың өздері киюге ниет білдірмесе, оны да ерікке қалдырады. Қыздар әлі 13 жасқа толмағандықтан, оларға намазға рұқсат берілмейді. Қазіргі уақытта намаз оқымайды. Ал ұлдар намаз оқуды жасына қарамай жалғастыра береді. Әмина қажы дінге күштеп тарту немесе мәжбүрлеу жоқ екенін айта келе, “Мысалы, моншадан шыққанда бәрі шаштарын жайып жүреді. Шаш кебу керек қой, әйтпесе биттеп кетеді ғой”, — деп мысал келтірді.

Сонымен қатар, ол мешіт құрылысына көмектескен құпия демеуші туралы да пікірін білдірді. Оның айтуынша, демеушінің қай діни ағымға жататынын сұрамаған, себебі мешіт салу — Алланың разылығы үшін жасалатын игі іс.

Мешіттің құрылысына көмектескен құпия демеуші атын айтпауды өтінді. Көбіне діндегі адамдар сауабы кеміп қалады деп өздерінің атын айтқызбайды. Маған келіп мешіт салып, әдемілеп жасап берсе, ол адамның вахабист пе, салафист пе, аферист пе не қылам оны?! Оған мән бермеймін. Салафит екенсің мешітті салма десем, мен кім боламын сонда. Мешіт қаңырап тұра ма? Ол Алла разылығы үшін болатын нәрсе, — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий