«Amir Capital» қаржы пирамидасын құрғандарға тергеу жүргізіліп жатыр

«Amir Capital» қаржы пирамидасын құрғандарға тергеу жүргізіліп жатыр
25.09.2025 11:31
0
87
Фото: Kapital.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Amir Capital» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған «Amir Capital» компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан.

Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.

Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.

2021 жылдың соңында салымшылардың «amir.capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.

Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды.

Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий