«Анама тіл тигізді»: Ағасын балталап өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Өзбекстанда ер адам туған анасын қорлағаны үшін ағасын балталап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nova24 порталына сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған. Оның туған інісі бұл әрекетке шыдамай, ашуға булығып, балта алып, бірнеше соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.
Денау аудандық соты айыпталушыны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл бап «шарасыз күйдегі адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру» әрекетін қарастырады.
Сот үкімі бойынша, ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...
16.11.2026
18:55
Тоқаевқа жылыту маусымы қалыпты өтіп жатқаны ба...
16.11.2026
18:16
Кәсіпкерді кім өлтірді: полиция жаңа мәлімет жа...
16.11.2026
18:09
Алматыда өртенген ең көне спорт мектебінің орны...