«Ананың қолы – ең қауіпсіз мекен»: Сәкен Майғазиевтің видеосы желіні елжіретті

18.12.2025 16:26 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ананың қолы – ең қауіпсіз мекен»: Сәкен Майғазиевтің видеосы желіні елжіретті
0
54
Коллаж: Politico.kz

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде анасына деген ыстық ықыласын білдірген жүрекжарды видеосымен көпшілікті тебірентті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бейнежазбада ол анасының қолынан ұстап, жай ғана сырласып отырған сәтін көрсетті. Жанында құдағиы да болып, әңгіме табиғи әрі жылы атмосферада өрбіген. Видеода артық сөз де, әуен де жоқ. Бірақ кадрдан ананың мейірімі, баланың құрметі анық сезіледі. Осы қарапайым көрініс желі қолданушыларының жүрегіне жол тауып, мыңдаған жылы пікір жазылды.

Оқырмандар ана мен баланың арасындағы байланысқа, сондай-ақ құдағилар арасындағы сыйластыққа ерекше назар аударды.

«Алла анаңызға мықты денсаулық берсін», «Бұл видеода ән де, сөз де жоқ, бірақ жүрекпен айтылған бір ғана тілек бар: қартаймашы, анашым», «Ананың қолы – өмірдегі ең қауіпсіз мекен», «Анасы бар адамдар емес, баласы жақсы аналар қартаймайды», «Құдағиы да сырласындай, тәрбиесі керемет екен», «Ұлдар анасына осылай ілтипат білдірсе ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Желіде тараған бұл бейнежазба көпшілікке ата-анаға құрмет көрсетудің, қарапайым сәттің өзінде үлкен мағына бар екенін тағы бір мәрте еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий