Анасы ақша үшін 12 жастағы қызын сатып жіберген

Анасы ақша үшін 12 жастағы қызын сатып жіберген
23.07.2025 09:26
0
522
Shutterstock/271 EAK MOTO

АҚШ-тың Пенсильвания штатында адам шошырлық оқиға тіркелді. Анасы 12 жастағы қызын ақша мен есірткі үшін бір түнге бейтаныс ер адамға қалдырып кеткен. Бұл туралы NBC News ақпарат агенттігі жазды.

Оқиға 23-24 сәуір аралығында Аллентаун қаласындағы мотельдердің бірінде орын алған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, анасы бауырларымен бірге оларды мотельге әкеліп, сол жерде 32 жастағы Джошуа Микки Мартел есімді ер адамнан қолма-қол ақша мен есірткі алған. Кейін анасы қызы мен ер адамды бөлмеде жалғыз қалдырып кеткен.

Түн ішінде ер адам 12 жастағы қызға жыныстық және физикалық зорлық көрсеткен. Қыз оқиға орнынан қашпақ болғанымен, Мартел оған мүмкіндік бермеген. Ауыр қылмыс туралы полицияға жәбірленушінің өзі хабар берген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Мартел бір айдан кейін тағы бір қылмыс жасаған: ол 13 жастағы қызды мектептен алдап алып кетіп, көлікпен мотельге апарып, зорлаған. Бұл факті де расталып, сот процесінде ер адам кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімі бойынша, Мартел ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол тек 21 жылдан кейін ғана шартты түрде босап шығу туралы өтініш бере алады.

12 жастағы қыздың анасы да балаға жыныстық сипаттағы қылмыс жасауға ықпал етті деген айыппен тергеуге алынған. Прокуратура оны кәмелетке толмағанды қанау және қылмыстық сөз байласуға қатысу баптары бойынша сотқа бермек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий