Анасы мен көңілдесі ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған

Анасы мен көңілдесі ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған
02.08.2025 12:50
0
361
ашық дереккөз

Италияның Джемона-дель-Фриули қаласында қоғамды елең еткізген қанды оқиға орын алды. Кішкентай әрі тыныш қалада бір отбасының жанжалы жаға ұстатарлық қылмысқа ұласты.

35 жастағы Алессандро Веньер — жергілікті ауруханада жұмыс істеген азамат — туған анасы мен жас көңілдесі тарапынан қатыгездікпен өлтіріліп, денесі бірнеше бөлікке бөлініп, қоқыс жәшігіне тасталған.

Бұл туралы ақпаратты Daily Mail басылымы  хабарлайды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 60 жастағы Лорна Веньер — Алессандроның анасы әрі кәсіби мейірбике — және ер адамның 30 жастағы көңілдесі, бұл қылмысты алдын ала жоспарлап, бірлесіп іске асырған. Олар ер адамды алдымен есірткімен улап, есінен танған соң балталап өлтірген. Қылмысты жасыру мақсатында денені үш бөлікке бөліп, үстіне сөндірілмеген әк сеуіп, қоқысқа тастаған.

Алессандроның бөлшектенген денесі оның үйінің жанындағы қоқыс контейнерінен табылған.

Тәртіп сақшылары бұл істі әлдебір әйелдің жасаған қоңырауынан кейін тергеуді бастаған. Алдын ала болжам бойынша, қылмысты жасағандардың бірі ар-ұжданына шыдай алмай, полицияға хабарласқан.

Күдіктілер қамауға алынып, анасы прокурорға: «Мұны жасаған менмін. Мен өз әрекетімнің қаншалықты жауыздық екенін түсінемін», – деп мойындау жасаған. Адвокаттың айтуынша, әйел өзінің айуандық әрекетін толықтай мойындап, қатты күйзеліске түскен күйде болған.

Қылмыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Үшеуі — Алессандро, анасы мен көңілдесі — бір үйде тұрған. Қайғылы оқиға кезінде марқұмның көңілдесі 6 айлық нәрестенің анасы болған.

Қазіргі таңда екі күдікті де қамауда отыр. Ал сәбиді әлеуметтік қызметтер өз қамқорлығына алған. Қала тұрғындары бұл жағдайға сене алмай, қарапайым көрінген отбасының ішінен осындай жауыздықтың қалай туындағанын түсіне алар емес.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий