Анасының қарауынсыз қалған сәби ваннада тұншығып көз жұмды

Анасының қарауынсыз қалған сәби ваннада тұншығып көз жұмды
30.06.2025 11:19
0
236
ашық дереккөзден

Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Минусинск ауданында анасы екі баласын ваннада қараусыз қалдырып, музыка тыңдау үшін ас үйге кеткен. Нәтижесінде 9 айлық сәби тұншығып, қаза тапты.

Бұл туралы өңірлік Тергеу комитеті мәлімдеді.

Оқиға 27 маусым күні «Заливные луга» саяжай серіктестігінде болған. Әйел екі жасар ұлы мен тоғыз айлық қызын ваннада шомылдырып жатқан. Біраз уақыттан кейін ол балаларды қараусыз қалдырып, ас үйге кетіп, музыка тыңдай бастаған.

Біршама уақыт өткен соң үлкен ұлының айқайын естіген әйел ваннаға жүгіріп барып, 9 айлық қызының тыныс алмай жатқанын көреді. Дереу жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлердің барлық реанимациялық шаралары нәтижесіз болып, сәбиді құтқару мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий