Әнші Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қылмыстық табыс тапқан

19.06.2025 11:58 Admin
Әнші Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қылмыстық табыс тапқан
436
Фото: Әлеуметтік желі

Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы тергеуге алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған. Олар танымал әнші Абай Бегейдің қызы мен оның күйеуі болып шықты.

Ерлі-зайыптылар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Қатысушылар лотереяға 50О-50 00О теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий