Әнші Ақбота-Нұр сүйінші жаңалығын жария етті

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа үйін көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz cайтына сілтеме жасап.
"Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!", - деп жазды ол.
Көпшілік Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.
"Берекелі, қайырлы үй болсын!", "Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын", "Құтты болсын берекелі болсын", "Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын", - деп жазды олар.
Соңғы жаңалықтар





