Әнші Балжан Бидаш бейтаныс ер адаммен видеосы тарады

Танымал қазақстандық әнші Балжан Бидаш бейтаныс ер адаммен бірге түскен видеосымен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бейнежазбада белгісіз жігіт Балжанның қолынан ұстап тұрып, оған арнаған әнін шырқайды. Әншінің көңіл күйі көтеріңкі екені, өзіне арналған орындауға риза болғаны жазбада айқын көрінеді.
Желі қолданушылары видеоға жылы пікірлерін жаудырып, оларды жарасымды жұп деп бағалауда. Көпшілігі әншіге бақыт тілеп, жігіттің шынайы сезімі байқалатынын айтып жатыр.
«От болып тұрсыздар. Керемет жұп болар едіңіздер. Бақытты болыңыздар», «Екеуі жарасымды, бақытты болса екен», «Балжан, жаным, бақытты болшы», «Эх, Жаһан. Мынандай қыздан айырылып...», «Маған солай көрінді ме? Әлде жігіт ғашық болып тұр ма?» – деген пікірлер көптеп жазылуда.
Әншінің тарапынан әзірге ешқандай ресми түсініктеме берілмеген.
Соңғы жаңалықтар





