Әнші Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді 

Әнші Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді 
23.01.2025 17:47
0
137
instagram.com/erke_esmahan

Белгілі әнші Ерке Есмахан жуырда сатылымға шығарған төл өнімі – "Ерке Сотуардың" түскен ақшаға шетелде қыдырып жүр деп сынаған адамдарға жауап берді, 

Естеріңізге сала кетсек, әнші жуырда сатылымға шығарған төл өнімі – "Ерке Сотуардың" сапасына қатысты шағымдарға жауап беріп, өңі өзгеріп кеткен бұйымдары үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді. 

Эстрада жұлдызының желідегі парақшасында жазуынша, қазіргі уақытта өздерінің тарапынан кеткен қателікті түзеп, тыңдармаңдарына жаңа сотуарларды салып жіберіп жатыр. 

"Түсін жоғалтса да, мән-мағынасы үшін алдым, ауыстырып беріңізші" деген қыздарға бізден, мастерден кеткен қателіктерді түзеп, жылтыраған, қараймайтын сотуарларды салып жіберіп жатырмыз", - деген әнші ырымдап алған жандардың бар тілегінің орындалуына тілектес екенін айтқан. 

Сондай-ақ Ерке Есмахан осы сотуардан түскен ақшаға "Парижде шалқып жүр" деп сынаған адамдарға жауап берген. 

Мен бұл табысты таппай тұрып, Парижді төрт рет, дүниежүзін бес рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орап қойған", - деді өнер иесі. 

Жазбасының соңында әнші басқаның қателігіне қуанбай, жұмыс істеп, адал еңбекпен табыс тапқанға ештеңе жетпейтінін жеткізген. 

"Көп сөзден бір іс артық", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан отбасымен ұзақ уақыт шетелде демалатынын айтқан еді. Кейін әнші Еуропа елдерінде қалай демалып жатқанын көрсетіп, желіде фото, видео жариялаған болатын. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или