Әнші Jah Khalib жаңа туған қызының ауыр жағдайына байланысты Қазақстандағы концерттік турын тоқтатты

Танымал қазақстандық рэпер Jah Khalib Бахтияр Мамедов отбасындағы ауыр жағдайға байланысты Қазақстандағы концерттік турын тоқтататынын немесе кейінге шегеретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Әншінің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына жаңа туған қызының отадан кейін ауыр хәлде жатуы себеп болған.
«Өкінішке қарай, мен бұл турды тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға мәжбүрмін. Себебі, менің жаңа туған қызым отадан кейін ауыр хәлде жатыр. Күшімді жинауға тырысқаныммен, сахнаға шыға алмайтынымды түсіндім», – деп жазды Jah Khalib.
Сондай-ақ, ол қазіргі қиын сәтте әйелінің жанында болып, оған қолдау көрсетуі керектігін атап өтті. Рэпер жанкүйерлерінен жағдайды түсіністікпен қабылдауды және мүмкіндігінше балалардың денсаулығы үшін дұға етуді сұрады.
Соңғы жаңалықтар





