Әнші Қайрат Түнтеков тыңдармандарын қуантты
891
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков бірнеше жылдық үзілістен кейін қайтадан көпшілік алдына шықты. Өнер иесі «Қызық премия – 2026» мерекелік кешінде сахнаға шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленд, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі концерт барысында Қайрат Түнтековке «Сағыныш» номинациясы бойынша арнайы мүсінше табысталды. Бұл марапат әншінің сахнаға қайта оралуын ерекше символдық мәнге ие етті.
Кеште ол тыңдарманға «У меня ноль» әнін орындап, көпшілікті таңғалдырды. Әлеуметтік желілерде кең таралған бұл туындыны әнші Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің хорының сүйемелдеуімен шырқады.
Әншінің орындауынан кейін аталмыш ән желіде қайтадан қызу талқыланып, мемге айнала бастады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...