Әнші Төреғали Төреәлі қайда көшіп кеткені белгілі болды

Қазақстан эстрадасындағы танымал әнші, хитмен Төреғали Төреәлі Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Бұл туралы ақпаратты оның қарындасы әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі Instagram парақшасында ағасы мен жеңешесінің Астанаға көшкенін жариялап, отбасылық қуанышын бөлісті.
“Ағам мен жеңгем Астанаға көшіп барды. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Қазір жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Енді бәріміз бір қалада тұрамыз”, – деп жазды ол.
Соңғы сұхбаттарының бірінде Төреғали Төреәлі ішімдік атаулыдан бас тартқанын ашық мәлімдеген.
“Сыра әкеп берейін бе, деп сұрайды. Жоқ, қойғанмын. Кеше тоқтаттым деп айттым ғой. Ұят қой. Ертең тағы Алакөлге барып, ішіп алыпты деп сөз естіп жүрмейін. Демалу керек, бірақ еңбек те қажет”, – деген еді әнші.
Соңғы жаңалықтар





