Аңыз адам, атақты Ялла: Фаррух Закиров Қазақстанның жоғары марапатын иеленді
954
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент мәдениет пен музыка өнерін дамытуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін әншіні ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
«Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады. Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі «Ялла» ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді», – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, өзбек әншісі әрі композитор Фаррух Закировтің есімі атақты «Ялла» тобымен тығыз байланысты. Ол бұл ұжымға 1970 жылдардан бері көркемдік жетекшілік етіп келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...