"Апокалипсис": Киев дрондардың ең ауқымды шабуылына ұшырады
10 маусымға қараған түні Киев пен Киев облысы жаппай «Герань-2» дрондарының шабуылына ұшырады. Бұл шабуыл украин астанасына жасалған ең ірі әуе соққыларының бірі ретінде сипатталуда.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Киевтегі «Артём» зауыты мен Борисполь қаласындағы әуежайдың отын қоймаларына соққы жасалған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Артём» зауытында әуе-әуе класты зымырандар өндірілген.
Бориспольдегі жарылыстар мен өрт
Киев облысындағы Борисполь қаласында бірнеше күшті жарылыс естілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жергілікті әуежай нысандары соққы астында қалған. Отын сақтау қоймаларында жойқын өрт шыққаны хабарлануда. Қаланың әртүрлі бөлігінде өрт салдарынан қою түтін таралған.
Электр жарығы ажырап, қала түтінге оранды
Киев қаласының өзінде де электр қуатының үзілуі тіркеліп отыр. Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары қаланың қою түтінге оранғанын, өрт ошақтарының бірнеше жерде тіркелгенін жазуда.
Журналистер бұл шабуылды:
«Киевке жасалған ең ауқымды шабуыл» — деп бағалап отыр.
Басқа өңірлерде де жарылыстар тіркелді
Жарылыстар сондай-ақ Біла Церква, Вышгород, сондай-ақ Кировоград, Черкассы мен Чернигов облыстарында да болған. Куәгерлер мен жергілікті пабликтердің мәліметінше, түнгі аспанда 100-ден астам әуе нысаны байқалған.
Соңғы жаңалықтар





