"Ақбаянның шашын алдық": Атыраудағы іске күдіктінің анасы бір құпияны ашты

24.02.2026 15:00 Мөлдір Талғат
789
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды оқиғаға байланысты негізгі күдіктілердің бірі ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұм ерлі-зайыптылардың кенже қызының енесі құқық қорғау органдары кейбір жайттарды бұрмалап, жағдайды толық түсінбей отыр деген пікір білдірді. Оның айтуынша, келінінің шашын тықырлап алу тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты емес.

Журналист Руслан Өтепбайдың «Келіннің шашын не себепті алдыңыздар?» деген сұрағына ол алдымен келінінің денсаулығына байланысты мәселе туындағанын айтты.

«Келіннің үсті-басына жара түсіп кетті. Биттеп кетті. Амал жоқ, тықырлап алып тастадық. Өзім рұқсат бердім. “Сұлтан, шашын алып таста! Түнімен басын қасып, жара қылды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер” дедім», – дейді ол.

Оның сөзінше, бұл шешім зорлық-зомбылықтан емес, гигиеналық себептерден қабылданған.

«Сұлтан қия алмады. Қанша дегенмен сүйіп қосылған келіншегі ғой. Бірақ жаз мезгілі, душ бар. Ақбаян өзі қарсы болған жоқ, қайта рахаттанып қалды. Басын жуып, тазалап бердім. Қан құйылғаннан реакция беріп тұрған. Полиция оны басқаша түсінді. “Неге алдыңыз шашын?” деп, күйеуінен таяқ жеп, шашын алып тастаған деп ойлайды. Аралары жақсы болды, кикілжің болған жоқ», – деді күдіктінің анасы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий